Елде вейп шегуші жасөспірімдер саны екі есеге көбейген - ДСМ

18 Мамыр 2023, 16:35
1112
Бөлісу:
Елде вейп шегуші жасөспірімдер саны екі есеге көбейген - ДСМ
Фото: ОҚК

Елімізде жасөспірімдер арасында вейп шегушілер қатары екі есеге артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

2018 жылы елімізде HBSC жүргізген зерттеуге сәйкес, 15 жастағы ер балалардың 14 пайызы және қыздардың 6 пайызы өмірінде бір рет болсын вейп шегіп көрген. Ал 11-15 жастағы ер балалардың 8,5 пайызы және қыздардың 3,8 пайызы электрондық сигареттің дәмін біледі. GYTS деректерімен салыстырғанда, көрсеткіштер балалар арасында үш есеге ұлғайғанын байқап отырмыз, - деп атап өтті департамент басшысының орынбасары.

Сонымен қатар вейпті әсіресе жасөспірімдердің көп тұтынатыны белгілі болды.

13 пен 15 жас арасындағы жасөспірім ұл балалар арасында вейп тұтыну екі есеге көбейген. Мәселен, 2022 жылы ер балалар мен қыздардың вейп шегуі көбейген. 2018 жылмен салыстырғанда, 3,6 пайызы үнемі тұтына бастаса, 2,7 пайызы бір ай бойы қолданған, - деп атап өтті Гүлнәр Сәрсенбаева.

Өзгелердің жаңалығы