Елде табиғатты қорғау заңнамасына қайшы 117 құқық бұзушылық анықталды

5 Желтоқсан 2022, 12:17
965
Бөлісу:
Елде табиғатты қорғау заңнамасына қайшы 117 құқық бұзушылық анықталды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Елімізде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы  өткізілді. Іс-шара барысында полиция 8 мыңнан астам орман, аңшылық және балық шаруашылығы нысандарын тексерді. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 3,5 мыңнан астам фактісі, оның ішінде 117 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, - деп атап өтті Ішкі істер  министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Айтуынша, Қонаев қаласында мың данаға жуық ақбөкеннің мүйізі бар көлік жүргізушіс ұсталды.

Қонаев қаласының шетінде бір автокөлік ұсталған болатын. Онда полиция 953 дана ақбөкен мүйізі бар 6 жәшік, тегіс ұңғылы мылтық, оқ-дәрілер мен пышақ тәркіледі, - деді ІІМ өкілі.                                              

Өзгелердің жаңалығы