Елде сары май қымбаттады

22 Тамыз 2022, 10:39
3251
Бөлісу:
Елде сары май қымбаттады
Фото: Tengrinews.kz

Жыл басынан бері елде сары май 15 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан шілде айына дейін елімізде сары май өндірісі 13,9 мың тонна болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға аз. Бұған дейін өндіріс көлемі 31,9 пайызға өскен.

Елде сары май қымбаттады

Жыл басынан бері отандық май зауыттары сары майға деген сұранысты 71 пайызға, өткен жылы 83,6 пайызға қамтамасыз еткен.

Елдің ішкі нарығында сары майды сату 2022 жылғы қаңтар-мамырда 19,9 пайызға, 12,5 мың тоннаға дейін өсті. Осыған ұқсас кезеңде экспорт шамамен төрт есе, 541,5 тоннаға дейін қысқарды.

Елде сары май қымбаттады

Биыл шілде айының қорытындысы бойынша тұздалмаған сары майдың бағасы бір айда 1,2 пайызға өсті. Жыл басынан бері баға бірден 14,7 пайызға өсті.

Ел бойынша тұздалмаған сары майдың бөлшек сауда құны биыл шілде айында бір келі үшін 3,3 мың теңгеге жетті. Ірі қалалар бойынша баға Павлодарда 2,7 мың теңгеден Атырауда 4,3 мың теңгеге дейін құбылды.

Елде сары май қымбаттады

Жыл басынан бері сары май Маңғыстау облысында бірден 29 пайызға қымбаттаған. Одан кейін Шымкент пен Жамбыл облысы тұр, онда майдың бағасы 26,7 және 26,4 пайызға өскен.

Өзгелердің жаңалығы