Елде салықтық тексерістер 40%-ға төмендеген

6 Қазан 2023, 13:05
643
Бөлісу:
Елде салықтық тексерістер 40%-ға төмендеген
Фото: primeminister.kz

Елде жүргізіліп жатқан салықтық шаралар салықтық тексерістерді 40%-ға төмендетуге себеп болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда жеке тұлғалардың табысы мен мүлкін басқарудың тиімді жүйесін жасау үшін кезең-кезеңмен жалпыға бірдей декларациялау енгізіліп жатыр. Халықтың шектен тыс несие алуын азайту мақсатында банкроттық туралы заң қабылданды. Бірыңғай төлем енгізу жолымен шағын және орта бизнеске салық салу процедурасын жеңілдетілді. Түрлі интернет-платформаларды қолдана отырып, платформалық қамту бойынша қанатқақты жоба іске асырылуда, - деп атап өтті ведомство басшысы елордада өтіп жатқан ТМД Салық қызметтері басшылары үйлестіру кеңесінің 30-шы отырысында.

Сонымен қатар ол мемлекет пен бизнестің байланысының жаңа формасы енгізілгеніне тоқталды.

«Көлденең мониторинг» қанатқақты жобасы жұмыс істеп тұр. Бұл сервистік үлгіге негізделген мемлекет пен бизнесті байланыстырудың жаңа үлгісі. ҚҚС төлеу мен қайтаруды жеңілдету мақсатында «e-Tamga» ҚҚС-төлемдері жүйесі әзірленуде. Салықтық және кедендік басқаруды біріктіретін тауарларды қадағалау жүйесі жаңартылды. Осы шараларды жүзеге асыру ІЖӨ-нің көлеңкелі айналым көлемін 1,5 есеге, салықтық тексерістерді 40%-ға төмендетуге жол ашты, - деді Ержан Біржанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін төлейтіні туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы