Елде құрсақтағы нәрестені қорғауға арналған 17 орталық құрылды

29 Мамыр 2022, 12:33
1592
Бөлісу:
Елде құрсақтағы нәрестені қорғауға арналған 17 орталық құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Телеграм-арнасы хабарлады.   

Жүкті әйелге медициналық көмек тек жүктіліктің барысын бақылауды ғана емес, сонымен қатар ұрықтың дамуына скринингтік зерттеулер жүргізуді де қамтиды. 

Бүгінгі күні ел аумағындағы органдар мен жүйелердің даму ақауларын анықтауға жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 85,4%-ды, хромосомалық ауруларды анықтауға биохимиялық скринингпен қамту 77,7%-ды құрайды. 

Жаңа туылған нәрестелердегі даму ақаулары құрылымында органдар мен жүйелердің даму ақаулары 96,3%, хромосомалық бұзылулар 3,7%-ға тең.  Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі ұрықтың даму патологиясының пренаталдық диагностикасын жетілдіру бойынша шаралар қабылдады. Еліміз бойынша 17 құрсақтағы нәрестені қорғау орталықтары құрылды, пренаталдық скрининг жүргізу қағидалары бекітілді, пренаталдық УДЗ скринингін жүргізуді ұйымдастыру стандарты әзірленді, - делінген ведомство таратқан хабарламады. 

Биыл 4 айы ішінде УДЗ диагностикасының халықаралық стандарты бойынша 150 маман оқытылды. 2022 жылдың соңына дейін жүкті әйелдерді скринингтеу үшін сараптамалық кластағы 50-ден астам УДЗ аппаратын сатып алу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы