Елде қанша Ресей азаматы жұмыс істейді?

11 Қазан 2022, 14:58
929
Бөлісу:
Елде қанша Ресей азаматы жұмыс істейді?
Фото: Tengrinews.kz

Үкімет отырысынан соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде қанша ресей азаматы жұмысқа орналасқанын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде бәрі 22,5 мың Ресей Федерациясының азаматы ресми жұмысқа орналасқан. Жыл басынан бері 8 мың адам жұмыс істеп жатыр, – деп атап өтті министр.

Ведомство жалақысынан 10%-дық төлем жасайтындарды ғана есепке алып отыр.

Дүйсенованың дерегінше, ресейліктер қызмет көрсету – 72%, өнеркәсіп – 16%, құрылыс – 9% сынды салаларында жұмыс істейді.

Қызмет көрсету саласында олардың жалақысы бірдей, – деді Тамара Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы