Елде қанша адамның зейнетақысы мен жәрдемақысы өседі

6 Сәуір 2022, 12:24
2782
Бөлісу:
Елде қанша адамның зейнетақысы мен жәрдемақысы өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжілісте Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қаншалықты көтерілетінін айтты.

Оның айтуынша,  4,2 млн адамның  әлеуметтік төлемі өседі. 

Инфляция дәлізінің 8-10%-ке дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін қосымша тағы 4%-ке индексациялау жоспарланып отыр. Бұл жиынтық мәнде барлық әлеуметтік төлемнің 9%-ке, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ке өсуін қамтамасыз етеді, - деді Тоғжанов мәжіліс отырысында.

Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет жобасында қосымша 111 млрд теңге қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы