Елде пандемия іс-жүзінде аяқталды. Депутат республикалық бюджеттің қалай игеріліп жатқанын сұрады

26 Қазан 2022, 10:05
1152
Бөлісу:
Елде пандемия іс-жүзінде аяқталды. Депутат республикалық бюджеттің қалай игеріліп жатқанын сұрады

Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Қаржы министрінен биыл ел бюджетіне түскен қаржының қалай игеріліп жатқанын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті Ерұлан Кенжебекұлы, қаржы және экономикалық есептеулерде заң жобасында қарыз қаражатты республикалық  бюджет тапшылығын қаржыландыру және  коронавирустық инфекцияның қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар аясында әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін қолдау үшін таратылатыны көрсетілген. Сонымен бірге біздің елімізде COVID-19 пандемиясы іс-жүзінде аяқталды. Сондықтан қаражат республикалық бюджетке түскеннен кейін қандай нақты мақсаттарға бағытталады және қаражат осы жылдың соңына дейін қалай игеріледі? Өйткені жылдың аяқталуына екі-ақ ай қалды?, - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Қаржы министрінің айтуынша, бюджет қаржысы жыл соңына дейін игеріледі.

Бізде жалпы бюджет тапшылығы 3 триллион соммасына пара-пар келеді. Қазір оның біраз бөлігі қаржыландырылды. Көп бөлігі кіріс көзінен қаржыландырылып отыр. Жәнеде қарыздан қаржыландырылатын тағы триллион теңгедей қаражат қалды. Жыл соңына дейін бізде әлі игерілмеген 4,5 триллионға жуық қаржы бар. Дүниежүзілік банктің оңтайлығы мен басымдығы олар қаржыны қандай да мақсатта жұмсауды талап етпейді, тек бюджет тапшылығы жабылса болғаны деп талап қойып отыр. Неге десеңіздер, олар инфрақұрылымдық реформаларға көңіл бөледі. Бізде жасалған реформаларға көңілдері толып отыр. Бұл бәскелестікті дамыту бойынша, цифрлық даму бойынша және экономиканы әртараптандыру мақсатында істеліп отырған бүкіл реформаларымызға көңілі толып, бізге осындай жеңілдік беріп отыр. Сол себепті білім саласы мен ғылым және басқа да салаларға бұл қарызды жұмсай аламыз, - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы