Елде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 64 адам қайтыс болды

16 Қыркүйек 2021, 08:45
647
Бөлісу:
Елде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 64 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады.

Оған сәйкес 14 қыркүйек күні республикада 58 адам – коронавирустан, тағы 6 адам пневмониядан қайтыс болған.

Коронавирустан көз жұмғандардың ішінде ең көбі Қарағанды облысында - 12 науқас. Алматы қаласында - 10, Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Ақмола облысында - 6, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Павлодар облыстарында - 3, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында - 2, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында 1 адамнан көз жұмған.


Өзгелердің жаңалығы