Елде мүмкіндігі шектеулі 20,7 мың адам жұмыспен қамтылды

Бөлісу:
Елде мүмкіндігі шектеулі 20,7 мың адам жұмыспен қамтылды
Фото: baq.kz

Елімізде мүмкіндігі шектеулі 732 мың адам тұрады. Оның 106 мыңының тұрақты жұмысы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 қазаннан бастап тағы 20 мың тұрғын жұмысқа тұрды. Дәлірек айтқанда, 6 мыңға жуық азамат тұрақты қызметке келген. 505 адам жастар практикасымен, 654-і әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. «Күміс жас» жобасы бойынша – 828, «Алғашқы жұмыс орнымен» – 183 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» шарасымен – 6 қызметкер іске кірісті. Тағы мүмкіндігі шектеулі 272 жан қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтсе, 5 мыңы «Бастау бизнес» білімін алды. 1470 тұрғын 1,4 млн теңге мөлшеріндегі мемлекеттік грантты иеленді.

Өзгелердің жаңалығы