Елде құрғақшылық. «Қазсушар» РМК-ның БҚО филиалы «Су саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатталды

7 Шілде 2021, 21:07
3377
Бөлісу:
Елде құрғақшылық. «Қазсушар» РМК-ның БҚО филиалы «Су саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстандық филиалы «Су саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» үздік деп танылды. Өңірге келген орталық аппарат өкілдері филиал басшылығына растайтын құжат пен статуэтка табыстады. 

«Қазсушар» РМК жергілікті кәсіподақтың төрағасы Қалыбек Құдайберген бұл филиалдың жеңіске жетуіне халықты таза сумен қамтамасыз етуі, шаруашылыққа қажетті суды дұрыс бөліп, су деңгейін өткен жылмен салыстырығанда жоғарылатуы себеп болғанын атап өтті.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстандық филиалы үздік атанды. Барша қызметкерлерді кәсіби мереке қарсаңында жеткен жетістігімен құттықтаймын. Үлкен еңбек арқасында халықты сумен қамтамасыз етіп, жағдайды бақылауда ұстап отырсыздар. Енгізіліп жатқан жаңа технологиялар мен сумен қамтамсыз етілетін елді-мекендердің санының артуы негізгі көрсеткіштердің бірі болып саналады, - деді Қалыбек Құдайберген.

Бұл номинациядан бөлек ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің Құрмет Грамотасымен,  Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаровтың Алғыс хатымен,  «Қазсушар» РМК Бас директоры Алтай Елжасовтың Құрмет Грамотасымен марапатталғандар да болды. Сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, зейнетке шыққанына шапан жабылды.

Өте қуаныштымыз! Осындай шара ұйымдастырып, еңбегімізді елеген министр Мағзұм Маратұлына, «Қазсушар» РМК Бас директоры Елтай Аралбайұлына алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да жоғары нәтижеге қол жеткізу мақсатында жұмысымызды жалғастыра береміз. Шабындыққа, суармалы жерлерге, халыққа да су береміз, санын көбейтіп келеміз, - деді «Қазсушар» РМК БҚФ директоры Нұрболат Жұмағалиев.

Іс-шара барысында «Қазсушар» РМК жергілікті кәсіподақтан коронавирус жұқтырған қызметкерлерге көмек ретінде ақшалай сыйақы берілді. Сондай-ақ мектеп табалдырығын енді аттағалы жатқан қызметкерлердің отбасына да ақшалай көмек көрсетілді. Шараға 10-ға жуық республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы