Елде коронавирустың "Цербер" штамы анықталды

1 Желтоқсан 2022, 12:15
4226
Бөлісу:
Елде коронавирустың "Цербер" штамы анықталды

Қазақстанда коронавирустың өте жұқпалы "Цербер" штамы анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Республикада қарашада қазанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,6 есе өскен (аптасына 453-тен 725 жағдайға дейін). Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, COVID-19-ға тестілеу саны азайды, себебі ауру жеңілдей бастады, көбі медициналық көмекке жүгінбейді.

Барлық өңірде инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші бірден артық, бұл вирустың халық арасында белсенді айналымы мен таралуының белгісі. Өңірлер бөлінісінде соңғы айда еліміздің 3 өңірінде – Алматы, Астана және Қарағанды облысында аурушаңдықтың апта сайын 2,2 есеге дейін өсуі байқалады.

Сондай-ақ, 5 өңірде (Ақмола, Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Шымкент қаласы) соңғы аптадан бастап сырқаттанушылық аптасына 3,5 есеге дейін біртіндеп өсіп барады, - делінген хабарламада.

Соңғы секвенирлеу қорытындысы бойынша республикада Омикрон BQ.1.1 ("Цербер") штамы нұсқасының 0,5 пайыз айналымы анықталды, 99,5 пайыз – "Омикрон" штаммының басқа нұсқалары.

Халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында өңірлерге 12 жастан асқандарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін Pfizer вакцинасының 200 мың дозасы жеткізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне эпидемиологиялық жағдайды, әсіресе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша шараларды бақылауда ұстау тапсырылды.

Ұжымдық иммунитетті сақтау үшін соңғы вакцинациядан кейін 6 ай аралықпен коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация алу қажет, ол үшін республикада коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар мөлшері жеткілікті, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы