Елде 7 күнде 8 кісіні өлтіріп кеткен - ІІМ

23 Қаңтар 2023, 11:13
866
Бөлісу:
Елде 7 күнде 8 кісіні өлтіріп кеткен - ІІМ

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Еліміздің аумағында жеті күн ішінде 2600-ден астам қылмыс жасалған. 

Бір апта ішінде 2603 қылмыс жасалды, оның 1578-і тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Айтуынша, тәртіп сақшылары бірқатар қылмысты ізін суытпай ашқан.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 1 қарақшылық, 23 тонау және 343 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді министрлік өкілі.  

Сонымен қатар ол ведомство басшысының азаматтармен кездесу өткізгеніне тоқталды.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өткен аптада азаматтарды онлайн-форматта қабылдады. Мұндай іс-шаралар халыққа жақын болуға мүмкіндік береді, ең бастысы – азаматтардың проблемаларына құлақ қойып, олар бойынша дереу шаралар қабылдау. Азаматтарды қабылдауға Тергеу департаментінің, Криминалдық полиция департаменттерінің, ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздігі департаменттерінің бастықтары қатысты. Zoom платформасы арқылы аумақтық полиция департаменттерінің басшылары да қосылды. Азаматтарды негізінен қылмыстық істердің сапасы, тергеу мерзімдері, істерді негізсіз қозғау сынды сұрақтар қызықтырды. Тұрғындардың шағымдары мен өтініштері тыңдалды, - дейді Шұғыла Тұрлыбек. 

Өзгелердің жаңалығы