Елде 425 науқастың жағдайы өте ауыр

6 Қыркүйек 2021, 08:40
5269
Бөлісу:
Елде 425 науқастың жағдайы өте ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 6 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 93 014 адам коронавирус инфекциясынан (–85 418 + және 7 596 КВИ-) емделіп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жазылды.

Емделіп жатқандардың ішінде 21 074 пациент стационарда, 71 940 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 491 адамның жағдайы ауыр;

425 пациенттің жағдайы өте ауыр;

201 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.



Өзгелердің жаңалығы