Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антициклонның әсерінен, Қазақстанның бүкіл аумағында жаңбырсыз ауа райы болады.
Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста, фронтальді бөліктердің өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады.
Солтүстікте 23...30 градусқа, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25...40 градусқа, орталық пен шығыста 17...35 градусқа дейін ыстық болады.
Ал Қазақстанның батысында болса, ыстық ауа райы сақталады және негізгі фондық температура 32...41 градус аралығын қамтитын болады.