Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы тағайындалды

25 Тамыз 2021, 16:59
2119
Бөлісу:
Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасұлан Сәрсембай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы болып ауысты.

Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы болып тағайындалды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Елбасының шешімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы қызметінен босатылды.


Өзгелердің жаңалығы