Елбасы Жапония Премьер-министрімен кездесті

23 Қазан 2019, 21:21
1240
Бөлісу:
Елбасы Жапония Премьер-министрімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Синдзо Абэге император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық және сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

Синдзо Абэ Қазақстанның антиядролық бастамаларына және жаппай қырып-жою қаруының таратылуына қарсы қабылдаған шараларына қолдау білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Жапонияның Премьер-Министрі Корей түбегіндегі жағдай туралы пікір алмасты. Аймақтағы және әлемдегі басқа да қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы