Елбасы «ВТБ Банкі» президентін қабылдады

13 Желтоқсан 2021, 17:01
1044
Бөлісу:
Елбасы «ВТБ Банкі» президентін  қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесуде А.Костин Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығымен құттықтап, мемлекеттің қалыптасуындағы және дамуындағы Тұңғыш Президенттің еңбегі мен үлесін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының жоғары қарқынына және инвестиция-банк саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына назар аударды.

А.Костин банктің Қазақстандағы жұмысы мен инвестициялық қызметінің перспективалары туралы айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы