Бас мүфти Елбасының сауығып кетуіне тілектестік білдірді

18 Маусым 2020, 20:48
1474
Бөлісу:
Бас мүфти Елбасының сауығып кетуіне тілектестік білдірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Құрметті отандастар, қадіргі жамағат. Өздеріңіз көз жеткізіп отырғандай, елімізде жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ. Бұл карантин режимінің талаптарына бағынып, сақтық шараларына аса мән беруіміз керек деген сөз. Жасты да, үлкенді де аямайтын коронавирус дерті ҚР Тұңғыш Президенті Елбасын да айналып өтпегендігі жөнінде жайсыз хабар жетті. Алла Тағала дініміз бен дәстүріміздің жанашыры Елбасымызға шипа берсін деп тілейміз. Коронавирус инфекциясына байланысты оқшауланып, емделіп жатқан ел қамындағы ел ағалары мен барша азаматқа Жаратқанның өзі жар болғай. Алла Тағала Елбасымызға осы бір сынақты еңсеруге күш-қуат берсін. Жаратқан Жаббар иеміз жер бетінен жұқпалы індетті жойып, қалыпты өмір тіршілігіне оралатын күнді жақын еткей. Құрметті бауырлар, қасиетті кітабымыз Құранда "Расында, қиындықпен бірге жеңілдік бар. Алла сендерге жеңілдік қалайды", делінген. Барша жамағатты осы бір сын сәтте бір-бірімізді қолдап, еліміздің амандығын сұрап, жұқпалы дерттен тезірек айығу үшін намаздан кейін көбірек салауат айтып, дұға жасауға шақырамын. Жаратқан Алла халқымызға амандық берсін. Науқас жандардың тезірек айығып кетуін тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Алла Тағала қасиетті Отанымызды індеттен аман сақтап, жақсы күндерде тезірек жолығуды нәсіп еткей, - деді ол.
 
Өзгелердің жаңалығы