Надаль мен Джокович матчы алдында күтпеген жағдай болды

25 Қазан 2019, 11:38
2349
Бөлісу:
Надаль мен Джокович матчы алдында күтпеген жағдай болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күтпеген жерден қайырымдылық теннис матчы алдында Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның бұрынғы королімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Теннис матчы алдында Рафаэль Надаль Нұрсұлтан Назарбаевқа Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлос І-дің сәлемін жеткізді. Елбасы теннисшіге алғыс айтып, досына сәлем айтуын өтінді", - деп жазды Айдос Үкібай. 
Осы сәтте Рафаэль Надаль Испанияның бұрынғы короліне телефон соғып, оны Қазақстанның Тұңғыш президентіне ұсынды. Осылайша  қайырымдылық матчы алдында Елбасы мен Хуан Карлос І-мен телефон арқылы сөйлесіп, хал сұрасты. 


Өзгелердің жаңалығы