Ақ халатты абзал жандар Елбасы музейіне барды

5 Қазан 2020, 16:10
1730
Бөлісу:
Ақ халатты абзал жандар Елбасы музейіне барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарты жылдан бері жер-жаһанды жаулаған көрінбейтін жаумен күрескен дәрігерлер Елбасы музейінің жаңа ғимаратына келді.

Ақ халатты абзал жандар Елбасы музейіне барды

Елорданың қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке бастаған бір топ медицина қызметкерін Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов қарсы алды. Індетпен күрескен ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегіне алғысын білдірген Әмірхан Мұратбекұлы олардың жұмыстарына сәттілік тіледі. Жаңа ғимаратты аралау барысында дәрігерлер тәуелсіз елдің қол жеткізген жетістіктерімен танысып, Елбасының өмір жолы мен қызметі туралы мол ақпарат алды.

Ақ халатты абзал жандар Елбасы музейіне барды

Музей егеменді еліміздің тарихи жолын ерекше креативті форматта топтамалар арқылы ұсынған екен. Әр жәдігерді сүйсіне қарадық. Көздің жауын алатын мұндай керемет экспозицияда тұтас шығармашылық ұжымның еңбегі жатыр. Мұнда Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы сарабдал саясаты мен егеменді елді көркейтудегі ерен еңбегі заманауи технологиялармен жан-жақты, терең әрі қанық етіп көрсетілген. Бізге осындай мүмкіндік тудырған мекеме басшылығына алғысымызды білдіреміз, – деп ой бөлісті қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке.

«Қазақстан-2030» стратегиясында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты басты бағыты ретінде көрсетілген. Ақ халатты абзал жандарды, әсіресе «Дананың дара жолы» залында орналасқан әртүрлі медициналық орталықтардан берілген кәдесыйлар ерекше қызықтырды.

Ақ халатты абзал жандар Елбасы музейіне барды

Жұмыстың тығыздығына байланысты көбіне мұндай дүниелерді көгілдір экраннан ғана көретінбіз. Көзбен көрген бөлек екен. Осы тұста айта кететін жайт, Тұңғыш Президенттің бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласында заманауи талаптарға жауап беретін үш инновациялық медициналық орталықты біріктіретін медициналық кластер құрылды. Бүгінде University Medical Center құрамына кіретін Республикалық диагностикалық орталық, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы халықтың денсаулығын жақсарту жолында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Мұның бәрі елдің қамын ойлаған Елбасымыздың арқасы деп білемін. Бұл музейден өзіміздің әріптестеріміз сыйлаған кәдесыйларды көріп, жаным жадырап қалды, – деді қалалық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Жанна Дакенова.

Қазақстан халқының тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін баяндайтын қорытынды шоуды тамашалаған дәрігерлер «Қазақстан мақтанышы» залындағы интерактивті алаңды аралап, «Мәдениет» бөліміндегі ұлттық аспаптарды ұстап көріп, күмбірлеген күй тыңдады. 

Экскурсия соңында медицина мамандары кейінгі екі залдың адам денсаулығына өте пайдалы екенін айтып, қала тұрғындарын музейге келуге және салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы