Елбасы: Қиындыққа тап болған компаниялар біртіндеп қалпына келіп жатыр

2 Маусым 2021, 21:51
2640
Бөлісу:
Елбасы: Қиындыққа тап болған компаниялар біртіндеп қалпына келіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады.

Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық компанияның 2020 жылғы жұмысының нәтижесі мен қазіргі қызметі туралы ақпарат берілді.

Өткен жыл бәріміз үшін сынаққа толы болды. Пандемия экономикаға кері әсерін тигізді. Сонымен қатар мұнай бағасы төмендеді. Көптеген компания қиындыққа тап болды. Қазір жағдай біртіндеп қалпына келіп жатыр, – деді Елбасы.

Алик Айдарбаев дағдарысқа қарамастан ұлттық компания қаржылық тұрақтылықты сақтап қалғанын және қазір пандемияға дейінгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жұмыс істеп жатқанын баяндады. Сондай-ақ кездесуде «ҚазМұнайГаз» компаниясы жүзеге асырып жатқан ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар туралы айтылды.


Өзгелердің жаңалығы