Елбасы кітапханасы, резиденциялар: Назарбаевтың мүліктері таратыла ма?

13 Қаңтар 2023, 13:14
2395
Бөлісу:
Елбасы кітапханасы, резиденциялар: Назарбаевтың мүліктері таратыла ма?

Парламенттің бірлескен отырысынан кейін Әділет министрі Азамат Есқараевтан экс-президенттің мүліктері мемлекетке қайтару мәселесі қаралатынын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Елбасы кеңсесі, Елбасы кітапханасы, резиденцияларының тағдыры не болады? Алматы облысындағы ауылындағы мүліктер мемлекет меншігіне қайтарыла ма? деп сұрады журналистер Әділет министрінен.

Бұл мәселе бүгін күшін жоюға ұсынылған заңда көзделген. Елбасы туралы заң күшін жояды. Сондықтан, заңнамада көзделген тәртіппен осы кеңсе туралы, тағы басқа сұрақтар жан-жақты қаралады, - деп жауап берді Есқараев. 

Оның айтуынша,  Президент туралы заң бойынша енді Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекет тарапынан қызметтік саяжай мен пәтер ғана тиесілі болуы мүмкін.

Ал резиденцияларға келсек, экс-президентке мемлекеттік саяжай тиесілі болуы мүмкін. Сондықтан бұл заңнама шеңберінде шешіледі. Сіздер айтып тұрған Елбасы кеңсесі мен Тұңғыш Президент кітапханасы туралы да заң тәртібімен тиісті шешім шығарылады, - деді Әділет министрі.

 

Өзгелердің жаңалығы