Ертең Елбасы Қазақстан халқына үндеу жолдайды

7 Сәуір 2020, 15:42
1986
Бөлісу:
Ертең Елбасы Қазақстан халқына үндеу жолдайды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминмен кездесті, деп хабарланды elbasy.kz сайтында.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш президенті қабылданған шаралардың арқасында коронавирустық инфекцияның таралуы тежелгенін атап өтіп, Қазақстан халқына үндеу жолдайтынын айтты.

Уақтылы жасалып жатқан жұмыстардың арқасында коронавирустың таралуы саябырлады...Президенттің айтқан мәселелерін әкімдерге жеткізіп, жұмыс жасау керек. Ендігі мәселе экономикалық жағдай дүниеде қиын болып жатыр. Бізде де оңай емес. Бірінші тоқсандағы қаңтар-наурыз айларында атқарылған жұмыстарды қарадым. Эконмикамыздың ахуалы жаман емес. Екінші кварталда қиындық туындауы мүмкін. Сондықтан азық-түлік мәселесін, әсіресе шағын бизнесті аяқтан тұрғызу мәселесі өте өзекті болып отыр... Біз бұдан да асқан қиындықтарды бастан өткердік. Мұны да еңсереміз. Бастысы - бірлік пен ел тыныштығы. Мен үкімет тиімді жұмыс істеп жатыр деген ойдамын. Ертең халыққа арналған үндеуімді жариялаймын. Қазіргі таңда тұтас әлем қиындыққа тап болды. Жағдайдың шарықтау шегіне әлі жетпедік. Сондықтан, бір-бірімізге деген құрметті сақтап, шыдамдылық танытуымыз қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өзгелердің жаңалығы