Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды:Айдос Ыдырысұлы Үкібай – Елбасының баспасөз хатшысы;
Арслан Момышұлы Дандыбаев – Елбасы Протоколының басшысы;
Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбыраим – Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі;
Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев – Құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
Асқар Мәуленұлы Молдағаринов – Елбасы Кеңсесі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі;
Елдар Серікұлы Томашов – Елбасы Көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі.