Елбасы Иса Байтулиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

24 Мамыр 2021, 19:58
4188
Бөлісу:
Елбасы Иса Байтулиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Иса Байтулиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі ғалым, биология ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Иса Байтулиннің  өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Иса Омарұлы саналы ғұмырын ғылым жолына арнап, отандық ботаника саласының дамуына сүбелі үлес қосты. Сондай-ақ білікті ғылыми мамандар даярлау ісіне де зор еңбек сіңірді. Ғалымның артында өзі қабырғасын қалауға атсалысқан іргелі мектеп, көптеген монографиялық еңбектері және ізін жалғайтын талантты шәкірттері қалды. Иса Байтулиннің ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін, – делінген жеделхатта.


Өзгелердің жаңалығы