Елбасы еліміздің іргесін берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді – Тоқаев

28 Қаңтар 2022, 15:22
1688
Бөлісу:
Елбасы еліміздің іргесін берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде айтты. 

Қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет. Осы ретте, азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқарады, - деді Тоқаев. 

Президенттің айтуынша, қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатыр. 

Осыған байланысты Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш Президентіміз еліміздің іргесін берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді. Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез-келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық, - деді Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы