Қазақстан қаржы қауымдастығы Елбасыға денсаулық тіледі

18 Маусым 2020, 22:01
1672
Бөлісу:
Қазақстан қаржы қауымдастығы Елбасыға денсаулық тіледі

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан қаржы қауымдастығы ҚР тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі.

Біз Елбасының мықты денсаулығы мен төзімділігінің арқасында бүкіл әлемге әсер еткен бұл сынақты жеңіп шығатынына сенеміз. Қазақстан Ұлттық Банкі, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Нұрсұлтан Әбішұлының тез сауығып кетуін және жаңа жеңістер тілейді,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан жауынгерлік өнер қауымдастығы мен "Qazaq kuresi" сссоциациясы да Нұрсұлтан Әбішұлына денсаулық тіледі.

Сіздің мықты ерік-жігеріңіз жас спортшылар үшін әрдайым үлгі. Сіз әрқашан салауатты өмір салтын ұстанасыз, жұртшылықты спортпен шұғылдануға шақырып, өзіңіздің әрекеттеріңізбен оларды әрдайым ынталандырып отырасыз. Сізге мықты денсаулық тілейміз! Қазақстан спорт қауымдастығы әрдайым сізбен бірге,-делінген қауымдастық тілегінде.

Өзгелердің жаңалығы