Елбасы: Біреудің жеңілісі екіншінің жеңісі екенін білдірмейді

17 Қараша 2021, 17:45
968
Бөлісу:
Елбасы: Біреудің жеңілісі екіншінің жеңісі екенін білдірмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы «Астана клуб-2021» отырысында әлемдегі ядролық қауіп-қатер туралы ойымен бөлісті.

Оның айтуынша, жаңа заманда біреудің жеңілісі екіншісінің жеңісін білдірмейді.

Бұл ұзақ уақыт бойы заманауи шындыққа сәйкес келмейтін көне түсінік. Күш-жігерді біріктіру арқылы ғана біз жоғарыда айтқан сын-қатерлер мен қауіптерге төтеп бере аламыз. Сондықтан да ашық, шынайы кейде тіпті қолайсыз диалогтердің өзі маңызды. Біздің «Астана клубы» бүкіл Еуразия үшін жаңа идеялар мен шешімдердің генераторына айналады деп ойлаймын. Осы игі мақсаттарды әлем халқы қолдауы үшін біз өз ойларымыз бен шешімдерімізді барлық мемлекеттерге жеткізуіміз керек, - деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев елордада Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі жаһандық форум өткізуді ұсынған болатын.

Елорадамызда Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі жаһандық форум өткізуді ұсынамын. Обама мырзаның президенттігі кезінде біз жыл сайын осы тақырыпта бас қосып, осы мәселелерді талқыладық. Қазір мұндай іс-шара жоқ. Мен жалғастыруды ұсынамын, - деді Елбасы.

Өзгелердің жаңалығы