Елбасы Әшімбаевты қабылдады

27 Тамыз 2020, 18:19
1348
Бөлісу:
Елбасы Әшімбаевты қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесті, деп хабарлады elbasy.kz.

Кездесуде Сенат депутаттарының өңірлерге сапарларының қорытындылары мен жоғарғы палатаның алдағы сессияға арналған жұмыс жоспары талқыланды, - делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мәулен Әшімбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға бағытталған бастамаларды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері туралы пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы