Елбасы: 30 жылдың ішінде елдің сенімін арқалап, 100 жылға татитын еңбекті атқардық

11 Қазан 2019, 22:17
2827
Бөлісу:
Елбасы: 30 жылдың ішінде елдің сенімін арқалап, 100 жылға татитын еңбекті атқардық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдар ішінде экономикамыз 20 есеге дейін өсті. 2 мыңға жуық аурухана, поликлиникалар салынды. 1,5 мыңнан артық мектеп тұрғызылды, мыңға тарта балабақша салынды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбаты кезінде айтты. 

Елбасы сұхбат кезінде 30 жылда көптеген іс атқарылғанын айта келе, мұның барлығы халық әл-ауқатының жақсарғаны арқасында іске асқанын айтты.

«Халықтың табысының ұлғаюы арқасында қазақстандықтардың жас ұзақтығы 67-ден 73-ке дейін асып кетті. Бұйырса оданда жоғарылып, 80 жетеді деп отырмыз. Бұған дейін ондай болмаған. Халықтың саны өзгерді, мәселен 1991 жылы Тәуелсіздікті жариялар кезде Парламент кеңесіндегі депутаттардың ішінде қазақтың саны 44% болды, халық санында да солай болды. Қазір елдегі қазақтар 70%-ға жетіп қалды. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Совет үкіметі құлағанда, көпшілігі жан-жаққа көше бастады, халық саны 14 миллионға дейін түсіп кетті, қазір 18,2 млн халқымыз бар», - деді ол. 

Сондай-ақ ол елорданы Алатаудың баурайынан Арқаның төсіне алып келу де оңай болмағанын жеткізді.

«Еш мемлекет олай жасамады (Астанасын ауыстырмады). Астананы салуға сенбегендер де болды, жағдай төмен еді, ақша жоқ. «Астыларыңнан су шықты ма» деген де сөздер айтылды. Бірақ олда біздің геосаясаттың бірі еді. Оны түсінген адам түсіне жатар. Бұл жерде қазақтар мүлдем жоқ болатын, қазір Нұр-Сұлтан Қазақстанның ең қазақи қаласына айналды. Оңтүстіктің халқын солтүстікке көшіріп, мұнда да шаруа жасауға болатынын көрсетіп, үлкен іс атқардық. Кейде қалаға, істелген жұмысқа қарап отырып, өзіме-өзім таңқалам. Менің буынымның істеген жұмысы осы болды, жігерлендіріп, қолдау көрсеткен халқыма ризамын», - деді Н. Назарбаев.  

Бұған дейін Елбасы биліктен кеткеніне өкінбейтінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы