Еламан Қойшыбаев самбодан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

12 Қараша 2023, 17:23
627
Бөлісу:
Еламан Қойшыбаев самбодан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Фото: instagram.com/sambo.qazaqstan

Самбодан Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан әлем чемпионатында 88 келі салмақта белдескен Еламан Қойшыбаев күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол финалда қырғызстандық Жамалбек Асылбек уулуына 0:2 есебімен жол берді.

Осылайша, екі күнгі жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әзірше 2 күміс және 3 қола жүлдеге жалпы есепте 8-орында тұр.

Өзгелердің жаңалығы