«Ел үлесі – пәтерге!»: Қарағандыда 13 отбасы баспаналы болды

17 Шілде 2021, 07:34
2135
Бөлісу:
«Ел үлесі – пәтерге!»: Қарағандыда 13 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың басында «Ел үлесі – пәтерге!» жобасы аясында Қарағанды облысында 13 отбасы баспаналы болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры мұқтаж және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға пәтерлер мен үйлер сатып алды.

Бізге аз қамтылған отбасылардан өтініштер келіп түсуде. Осыдан кейін біздің комиссия бұл адамдар тұрғын үйге мұқтаж ба, жоқ па, соны тексереді. Содан кейін біз пәтерлерді ала бастаймыз. Жақында Қаражалда бір отбасын баспанамен қамтамасыз еттік. Мұндай игі істерді одан әрі жалғастырамыз, – дейді «Зекет» қайырымдылық қорының Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Мұхит Жарымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, «Ел үлесі – пәтерге!» 2018 жылы құрылған. Оның мақсаты – аз қамтылған отбасылар үшін қайырымдылық арқылы тұрғын үй сатып алу. Осы жоба аясында республикада 400-ден астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Өзгелердің жаңалығы