Ел тарихына арналған үш томдық кітап жарық көреді

12 Шілде 2021, 23:42
1651
Бөлісу:
Ел тарихына арналған үш томдық кітап жарық көреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін сағат 16.00-де Қазақстан тарихына арналған үш томдық кітап редакциясының құрамына кіретін тарихшы-ғалымдармен және археологтар тобымен кезекті рет кездесу өткіздім. Бұл кез келген түсініспеушіліктің алдын алатын және оны болдырмауға, бастысы, тарихи әрі сенімді фактілерді жариялауға мүмкіндік беретін ерекше жұмыс болатынына сенімім мол. Ғалымдар тың әрі бұрын жарияланбаған деректерді табу үшін көне қолжазбалар сақталған әлемдегі ең ірі кітапханаларға барады, - деп жазды ШҚО әкімі.

Сонымен қатар аймақ басшысы жоспарланып отырған кітапта 1985-1991 жылдар аралығындағы кезең ерекше баяндалуы тиіс екендігін атап өтті.


Дәуірлік тарихи жазбаның бір бөлігі Қазақстанның қалыптасу кезеңдерінде еңбек сіңірген тұлғаларға арналмақ. Мен үш томдық кітапта 1985-1991 жылдар аралығындағы кезең ерекше баяндалуы тиіс деп есептеймін. Өйткені, бұл уақыт еліміздің болашағын айқындады, ел егемендігі туралы нақты шешімдер қабылданды. Бұдан бөлек, 90-шы жылдар еліміздің тәуелсіздік алған шағы және экономикалық дамуы түрлі тарихи оқиғаларға толы. Бұл кітапты жазуға құнды тарихи жаңалық ашқан көрнекті ғалымдар атсалысып жатыр. Олардың білімі мен кәсібиліктері күмән тудырмайды. Бұл өте маңызды, - деді ол.

Әкім белгілі археолог Зейнолла Самашев қағанаттардың басшылары тәждеріне бейнелеген бірегей алтын артефактілерді тапқанын жариялап, болашақта артефактілердің өзі мұражай экспонаттарындағы құнды жәдігер болатынын жазды.

д1.jpg

Екі күн бұрын Тарбағатай ауданындағы «Елеке Сазы» қорғанында жұмыс істеп жатқан белгілі археолог Зейнолла Самашев қағанаттардың басшылары тәждеріне бейнелеген бірегей алтын артефактілерді тапты. Бүгінгі күнге дейін археологиялық қазба жұмыстары кезінде мұндай көне жәдігерлерді ешкім кездестірмеген еді. Бұл жоғарыда айтылған үш томдық кітаптың беттеріне енетініне, ал артефактілердің өзі мұражай экспонаттарының арасынан лайықты орын алатынына сенімдімін, - деді Даниал Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы