«Ел қорғау – нағыз ерлердің ісі» республикалық акциясы өтті

19 Қазан 2023, 04:22
624
Бөлісу:
«Ел қорғау – нағыз ерлердің ісі» республикалық акциясы өтті
Фото: gov.kz

Акция аясында мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астаналық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен қала әкімдігі ұйымдастырған іс-шара "Астана" концерт залында өтті.

Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігінің, Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналары қатысты.

Әскери мамандық қашанда құрметке ие, әйтсе де оның өзіндік қиыншылықтары бар. Әскери қызметшінің міндеті – сындарлы сәтте ел қорғауға дайын болу. Бүгінде Қарулы күштер қатарында өздерің сияқты көптеген жастар қызмет етеді. Олар әскери істі игере отырып, күш-қуат тұрғысынан шыңдалып, нығайды. Өздеріне деген сенімділік сенімділіктері артты. Елімізге осындай белсенді, өмірлік ұстанымы қалыптасқан жастар қажет. Әрқашан естеріңде болсын, сендердің жетістіктерің – бұл ата-аналарыңның, туыстарыңның, отбасыларыңның жетістігі, демек ол еліміздің жетістігі, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.

Өткен жылдан бастап Қорғаныс министрлігі жастардың мерзімді әскери қызметке деген ынтасын арттыру мақсатымен кредиттік демалыстар мен әскери қызметтен кейін ҰБТ тапсырмай, жоғары білім алуға мүмкіндік беретін жеңілдіктерді іске асырып келеді. Жиында мерзімді қызметтен запасқа шығарылған әскери қызметшілерге жоғары оқу орындарына түсу құқығын беретін сертификаттар салтанатты жағдайда табыс етілді. Сондай-ақ шара барысында «Аманат» рәсімі өтіп, запасқа шығарылған сарбаздар әскерге шақырылушыларға абырой мен батылдықты бейнелейтін қалқан мен қылыш тарту етті.

«Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов сөз алып, жастарға ақ батасын берді. Ол әскерге шақырылушыларға жаңа ортаға тез бейімделіп, әскери істі игеруде сәттілік тіледі.

Акция аясында астаналықтар үшін әскери техника мен қару-жарақ, әскери киім үлгісі мен жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ Smart Sarbaz үйірмелері тәрбиеленушілерінің робототехника саласындағы әзірлемелері ұсынылды.

Мыңнан астам адамды жинаған іс-шара Отан қорғаушылар арасындағы ұрпақтар сабақтастығын көрсетті. Акция «Қарулы күш – қорғаным» әнімен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы