Ел өңірі қашан толықтай газбен қамтамасыз етіледі?

3 Ақпан 2022, 14:01
1713
Бөлісу:
Ел өңірі қашан толықтай газбен қамтамасыз етіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылға қарай еліміздің ішкі нарығында газ тұтыну көлемі 25,7 млрд текше метрге дейін жетеді деп күтілуде. Үкімет ел өңірін газбен қаншалықты қамтамасыз етуге дайын?

Бұл сұраққа Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді.

Министрдің айтуынша, бұл бағытта жұмысты жеделдету үшін жаңа зауыттар қажет.

Алдағы жылдары табиғи газ тұтынушыларының саны өседі. Қазіргі таңда ел өңірін газбен жабдықтау мәселесі шешіліп жатыр. Сондай-ақ табиғи газды қалай  нарыққа жеткізу жағын қарастырып жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, біздегі газ ол мұнаймен бірге шығады. Оны тауарлық деңгейге жеткізу үшін әлі дайындау қажет. Ол үшін қосымша зауыттар салыну керек немесе бар зауыттардың қуаттылығын арттыру қажет, – деді Энергетика министрі.

Айта кетерлігі, бұған дейін Ақшолақов жанар-жағармай бағасының қандай жағдайда қымбаттауы мүмкін екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы