«El Media» редакциясының терезелерін сындырған бұзақылар ұсталды

24 Қараша 2022, 23:16
1790
Бөлісу:
«El Media» редакциясының терезелерін сындырған бұзақылар ұсталды

Аталған заңсыз әрекетті жасады деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұзақылық жасаған Алматы қаласының тұрғыны З.есімді азамат және тараздық Г.есімді азамат. Екеуі де 18 жаста.

Күдіктілердің әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша сараланған.
Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.
Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындады.
Істің басқа да мән-жайлары анықталуда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы