Ел халқының саны 20 млн-ға таяды

13 Қараша 2023, 21:55
754
Бөлісу:
Ел халқының саны 20 млн-ға таяды
Фото: BAQ.KZ - архив

Мұны Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Деректерге сәйкес 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша халық саны 19 миллион 967 мың 964 адамға жетті. Оның 12 миллион 388 мыңға жуығы, яғни 62%-і қала, ал 7 миллион 580 мыңнан астамы – ауыл тұрғыны. 

Бұл – 38%. Сонымен қатар елдегі әйелдер саны ерлерден басым. Атап айтсақ, 10 миллион 217 мыңнан аса әйел және 9 миллион 750 мыңдай ер адам бар.

Өзгелердің жаңалығы