Ел экономикасы тұрақты өсу қарқынын сақтап отыр – Смайылов

15 Қараша 2022, 10:46
883
Бөлісу:
Ел экономикасы тұрақты өсу қарқынын сақтап отыр – Смайылов

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ел экономикасы тұрақты өсу қарқынын сақтап отыр. Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша экономиканың нақты өсімі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайыз артқан. Нақты сектор экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторы ретінде дамудың оң үрдісін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,3 пайызға өсті, – деді Смайылов.

Премьер- министрдің дерегінше, биыл машина жасау саласы - 7,7 пайыз, оның ішінде   автомобиль жасау - 18,3 пайыз , электр құралдарын өндіру - 12,4 пайыз , химия өнеркәсібі - 10,6 пайыз, жеңіл өнеркәсіп  - 7,8 пайыз, өңделген мұнай өнімдерін шығару - 3,7 пайыз , азық-түлік өнімдерін өндіру - 3,5 пайызға өсті.

Сондай-ақ құрылыс саласында 5 пайыщ деңгейінде тұрақты өсім көрстіп отырғанын айтты.

10 ай ішінде елімізде 11,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ауыл шаруашылығында   өсім деңгейі орнықты   - 8 пайыздан астам. Қызмет көрсету секторы   1,6 пайызға өсті. Сауда - 4 пайызға жоғары, көлік саласы да осы шамалас,  яғни 4 пайызға жуық, байланыс - 7 пайызға жоғарылады. Ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту экономикалық өсудің маңызды факторы. Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 6,7 пайызға құрап отыр. Оның ішінде, экономиканың шикізаттық емес салаларына тартылған инвестиция көлемі ұлғайып келеді, – деді Үкімет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы