Ел чемпионаты. Көкпардан Қазақстан Республикасының чемпионы анықталды

26 Мамыр 2019, 13:04
4854
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Көкпардан Қазақстан Республикасының чемпионы анықталды
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін көкпардан Түркістан облысы мен Жамбыл облысының командалары және Атырау облысы мен Ақмола облысының командалары арасында 1-2, 3-4-орындар үшін ақтық кездесулер өтті. 

Ересектер арасында ХІХ рет өтіп отырған чемпионаттың бұған дейінгі жеңімпаздарын еске сала кетейік. 
9 рет «Әулие ата» командасы чемпион атанса, 6 рет – «Құлагер» командасы, 2 рет – Алматы қаласының құрамасы және Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы жеңімпаз атанған.

2001 – «Әулие ата» (Өскеменде);
2002 – «Әулие ата» (Тараз 2000 жылдықта);
2003 – Алматы облысы құрамасы (Алматы қалада);
2004 – «Құлагер» (Астана);
2005 – «Әулие ата» (Павлодар);
2006 – Алматы облысы (Талдықорған);
2007 – «Әулие ата» (Қызылорда);
2008 – «Құлагер» (Орал);
2009 – «Әулие ата» (Тараз);
2010 – «Әулие ата» (Астана);
2011 – «Құлагер» (Алматы қала);
2012 – «Астана» (Өскемен);
2013 – «Әулие ата» (Көкшетау);
2014 – «Әулие ата» (Қызылорда);
2015 – «Құлагер» (Түркістан қаласы);
2016 – «Әулие ата» (Талдықорған);
2017 – «Құлагер» (Алматы);
2018 – «Құлагер» (Астана);
2019 – (Тараз).

Сонымен, бүгінгі сайыста 3-4 орындар үшін Атырау облысының «Нарын» командасы мен Ақмола облысының «Жекебатыр» командасы алғашқы болып алаңға шықты.

Ел чемпионаты. Көкпардан Қазақстан Республикасының чемпионы анықталды

Ойын соңындағы есеп бойынша Атырау облысы 10:0 есебімен Ақмола облысының көкпаршыларын айқын басымдықпен ұтты.

Салым салғандар:

«Жекебатыр» – 0;
«Нарын»: Ынтымақ Әліпбаев – 1 салым, Айбек Болатов – 1 салым, Ұлан Байтөреев – 1 салым, Қайыржан Сүлейменов – 3 салым, Алмат Жүнісов – 2 салым, Александр Пупенко – 1 салым, Нұржан Ерехан – 1 салым.

2001 жылғы алғашқы чемпион болған «Әулие ата» командасы чемпионат тарихында «Құлагермен» тек чемпионаттық финалдың өзінде 5-6 рет кездескен. Бүгінгі ойында да қос команда тартысты ойын көрсетті. 

Ел чемпионаты. Көкпардан Қазақстан Республикасының чемпионы анықталды

Ойынның алғашқы бөлігінде 2:2 болып тең аяқтаған командалар, екінші айналымда бір-біріне есе жібермеуге барын салды.

Салым салғандар:

«Құлагер»: Әділет Мамыт – 1 салым, Әбуғали Әбдіжаппаров – 1 салым, Бәйдібек Сабыров – 1  салым;
«Әулие ата»: Ислам Рәт – 1 салым, Құрманбек Тұрғанбек – 3 салым.

Осымен Көкпардан ХІХ кезекті Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы