Ел чемпионаты. Бүгін көкпардан орындар үшін тартыс өтеді

25 Мамыр 2019, 09:29
2337
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Бүгін көкпардан орындар үшін тартыс өтеді
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Тараз қаласында өтіп жатқан ересектер арасында көкпардан ХІХ кезекті ел чемпионатында 5-12-орынға дейінгі ақтық дода өтеді.

Еліміз бойынша 15 команда қатысқан чемпионатта орындар үшін тартысқа үш жұп – 6 команда қатысады.

Олар:

5-6-орындар үшін Қызылорда облысы құрамасы мен СҚО құрамасы;

9-10-орындар үшін Нұр-Сұлтан қаласы «Астана» командасы мен Қостанай облысының құрамасы;

11-12 орындар үшін Маңғыстау облысы «Адай ата» командасы мен Қарағанды облысы құрамасы сынға түсетін болады.

Осы жерде ескерте кететін бір жағдай, бұған дейінгі ойындарындағы нәтижелеріне байланысты және командалық шешімдерімен Ақтөбе облысы «Әлім ата» командасы, БҚО құрамасы мен Алматы қаласының құрамасы орындар үшін ойынға қатыспайтындарын айтты.

Сондықтан олардың бұған дейін жинаған салым сандарын есептей келе:

13-орын Ақтөбе облысы «Әлім ата» командасы;

14-орын БҚО құрамасы;

15-орын Алматы қаласы құрамасы болды.

Кеше хабарлағанымыздай, Павлодар облысы «Сатты» құрамасы 7-8-орындар үшін ШҚО құрамасымен ойнамайтынын хабарлады. Сондықтан бүгін 7-8-орындар үшін болатын ойын өтпейді. «Сатты» командасы бас тартып, 7-орынды ШҚО құрамасына берді. 8-орында Павлодар облысының «Сатты» командасы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін осы үш жұп көкпар ойынымен қатар, аударыспақ алыптары сынға түседі.

Ал ертең, яғни 26 мамыр күні көкпардан финалдық ойындар өтеді. Онда Түркістан облысы мен Жамбыл облысының командалары 1-2-орын үшін, Атырау облысы мен Ақмола облысының командалары 3-4 орын үшін таласады.

Өзгелердің жаңалығы