Ел чемпионаты. Бірінші лиганың жеңімпазы анықталды

7 Сәуір 2021, 11:38
2865
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Бірінші лиганың жеңімпазы анықталды
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Көкпардан ел чемпионатында Бірінші лига ойындары аяқталды.

Бірінші лигада финалға жолдама алған Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы құрама командалары болатын. Екі команда да өте тартысты ойын көрсетті.

Ел чемпионаты. Бірінші лиганың жеңімпазы анықталды

Қарағанды облысын құрамасы

Көрпебаев Дархан – мінген аты «Арда-жирен»
Сейітжапар Әбдуәлі – «Хан төбел»
Байгазиев Елдос – «Двадцатка»
Меден Медерали – «Месси»
Есмахаев Дидар – «Ақжал»
Карибаев Алмаз – «Тәштек»
Исақ Марғұлан – «Балта»
Шалғынбаев Рамазан – «Айкүрең»
Құлымбет Шадияр – «Рональдо»
Оспанов Ерлан – «Таусоғар»
Одесхан Еламан – «Бейбарыс»
Есенгельді Жеңіс – «Шырақ»

Ел чемпионаты. Бірінші лиганың жеңімпазы анықталды

Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы

Амангельдинов Казбек – мінген аты «Жетіген» 
Қартқожақ Нұрболат – «Селжук»
Онгарбаев Асқар – «Басар»
Хасенов Азамат – «Ғұн»
Ережеп Абай – «Айшұбар»
Амалбеков Жақсылық – «Заңғар»
Тлебалдиев Елдос – «Бурабай»
Мәтжан Мейіржан – «Ханкөк»
Киль Владимир – «Асар»
Каттабосынов Алижан – «Хазар»
Кабжанов Арслан – «Хатар»
Есенгельды Елжас – «Мүбәрак»

Ел чемпионаты. Бірінші лиганың жеңімпазы анықталды

Тараз төріндегі тартысты ойында елордалық жігіттер алаң тізгінін ойын соңына дейін қолда ұстады. Құрыш білек, тас тақым жігіттер, 33 кг серкені ат үстінде ұршықша иіріп, көкпар көмбесінде асықша атты. Әсіресе, Нұр-Сұлтан құрамасының белді ойыншысы Мәтжан Мейіржан астына мінген «Ханкөк» атты сәйгүлігімен ойын алаңында жұлдыздай ойнады. 

Ел чемпионаты. Бірінші лиганың жеңімпазы анықталды

Ойынның алғашқы айналымында есепті 3:0-мен аяқтаған қос құрама, екінші айналымда көкпар көрігін қыздыра түсті.

Ел чемпионаты. Бірінші лиганың жеңімпазы анықталды

Тіпті, екінші таймның алғашқы минутында салым салып үлгерген Қарағанды жігіттері астаналықтарды абдыратып тастағанын несін жасырайық.

Ел чемпионаты. Бірінші лиганың жеңімпазы анықталды

Дегенмен Ерлан Қанапиннің жігіттері есін тез жинады. Ойын соңында есеп – 7:2 болып аяқталды. Жеңіс – Нұр-Сұлтан құрамасының қоржынында.

Ел чемпионаты. Бірінші лиганың жеңімпазы анықталды

Қарағанды құрамасына екі салым салған Меден Медерәлі мен Шалғынбаев Рамазан болды.

Ел чемпионаты. Бірінші лиганың жеңімпазы анықталды

Ал астаналықтарға тиесілі 7 салымның бесеуін Мәтжан Мейіржан салса, Амалбеков Жақсылық пен Ережеп Абай бір-бір салым салып үлгерді.

Ел чемпионаты. Бірінші лиганың жеңімпазы анықталды

Ойынға төрешілік жасағандар: ортадағы төреші – Нұрдәулет Момынов, қапталдағы төрешілер Зиябек Жеткеров, Жасұлан Әлиев және Бақытжан Кенжебеков.

Өзгелердің жаңалығы