Ел боксшылары жастар арасындағы халықаралық турнирде екінші орын алды

26 Желтоқсан 2023, 08:05
447
Бөлісу:
Ел боксшылары жастар арасындағы халықаралық турнирде екінші орын алды
Фото: sports.kz

Бакуде (Әзербайжан) әзербайжандық боксшы Аббас Агаларовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирге Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Сауд Арабиясы және Еуропалық бокс конфедерациясынан (EUBC) 97 боксшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 16 медаль (4 алтын, 5 күміс, 7 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Әзербайжан құрамасы 22 медальмен (5-4-13) бірінші орынға ие болды.

Турнир қорытындысы бойынша үздік бестік:

  1. Әзербайжан – 22 (5-4-13)
  2. Қазақстан – 16 (4-5-7)
  3. Тәжікстан – 4 (2-1-1)
  4. Өзбекстан – 5 (1-2-2)
  5. Ресей – 3 (1-1-1)
Өзгелердің жаңалығы