Ел басшылығы популизм мен экстремизмді болдырмауға ұмтылып отыр – Рим Папасы

13 Қыркүйек 2022, 22:00
1414
Бөлісу:
Ел басшылығы популизм мен экстремизмді болдырмауға ұмтылып отыр – Рим Папасы

Рим папасы Франциск Қазақстанға келген сапарының мақсатына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның Конституциясы бұл елдің зайырлы мемлекет екенін айқындап тұр. Сол арқылы дін мен сенім-нанымның еркіндігіне кепілдік берілген. Бұл зайырлылықтың салауатты сипаты экстремизмге қарсы тосқауыл бола алатындығымен құнды. Әр азаматтың теңдігі үшін қажетті ең негізгі жағдайды жасалған, – деді Рим Папасы Франциск.

Айтуынша, ең бастысы, біз адам құқығын білуіміз әрі онымен бірге міндеттер жүретін ұмытпауымыз керек.

Сіздерге Қазақстанда өлім жазасын толық жойғандарыңыз үшін зор ілтипатымды білдіремін. Бұл елде ой және сөз еркіндігі бар әрі қоғамның әрбір мүшесі тең құқылы, – деді ол.

Сондай-ақ ол елімізде жастарға арналған  және қоғамның әлсіз топтарына арналған іс-шаралар қарқынды өткізілетінін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес те жандандырылып отыр. Ел басшылығы ешқандай популизм мен экстремизмнің болдырмауын қамтамасыз етіп отыр. Мен оған сенімдімін. Мұндай процестердің сіздердің елдеріңізде жүріп келе жатқанына сенімдімін, – дейді Рим Папасы. 

Өзгелердің жаңалығы