Ел азаматтығын алғысы келгендер тесттен қалай өтеді? – министр жауабы

21 Мамыр 2024, 14:33
477
Бөлісу:
Ел азаматтығын алғысы келгендер тесттен қалай өтеді? – министр жауабы
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек енді Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мемлекеттік тілден емтиханды қалай тапсыратынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, тест 3 бөліктен тұрады. Біріншісі, қазақ тілін білу. Екіншісі, Конституция негіздері. Үшіншісі, Қазақстан тарихының негіздері.

Тестіні Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер тапсыруға міндетті. Алайда талаптан босатылғандар да бар. Мәселен, президент бекіткен тізім бойынша - жасөспірімдер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар, - деді ол үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Сондай-ақ министр "Қазақстан азаматтығын алғанда мемлекеттік тілді білу деңгейі қалай анықталады?" деген сұраққа былай деп жауап берді:

Бұл сұраққа филологтар жауап береді. Мысалы, бізде "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бар. Біз бұл сынақтарды құрастырып, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетеміз. Жұмыс енді басталды. Жақында ғана заңға қол қойылды, - ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы