Ел азаматтары ресейліктерге ЭЦҚ кілттерін жасап беріп жатыр ма?

27 Қыркүйек 2022, 16:59
998
Бөлісу:
Ел азаматтары ресейліктерге ЭЦҚ кілттерін жасап беріп жатыр ма?

ХҚК орталықтарында қызметкерлер Ресей азаматтарына ЭЦҚ кілттерін 10 мың теңгеге жасап беріп жатыр деген ақпарпат тарауда. Болған жағдайда қандай шара қолданасыздар?  «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма төрағасы  Сүйеніш Әбділдин жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ХҚК орталықтарында қызметкерлер Ресей азаматтарына ЭЦҚ кілттерін 10 мың теңгеге жасап беріп жатыр деген ақпарпат тарауда. Министр мұндай заң бұзушылықты қашан бақылауға алады? Қызметкерлерге қандай жаза қолданылады?, - деп сұрақ қойылды брифингтегі спикерлерге.

Оның айтуынша, ХҚКО биометриялық сервистің арқасында қазақстандықтар толық бақылауда.

Әрине, мұндай әртүрлі ақпараттарды көріп тұрамыз. Біз қазақстандықтардың арасында ЭЦҚ жасатқан кезде мұндай қайталанбас үшін биометриялық сервисті іске қостық. Біз орталық базасында ел азаматтары тіркеуде болғандықтан оларды тексере аламыз,  ал ресейліктерге ЭЦҚ жасау мәселесіне келер болсақ, күшейтілген бақылау қадағалайтын болады. Егер мұндай жағдайлар тіркелетін болса, біз ол қызметкерлерімізбен келісімімізді жоямыз, - деді Сүйеніш Әбділдин. 

Өзгелердің жаңалығы