Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қазан күні ауқымды антициклонның ықпалымен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың тек батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр болады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстік өңірлерде жел тұрады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с күшейеді.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болады.
Синоптиктер 18 қазан күні 4 өңірде ескерту жариялаған болатын.