Ел аумағында заңсыз айналымнанда жүрген 8 қару тәркіленді

26 Ақпан 2022, 14:05
1418
Бөлісу:
Ел аумағында заңсыз айналымнанда жүрген 8 қару тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда қаруды тіркеу ережесін бұзған 26 дерегі анықталып, заңсыз айналымнан 8 қару тәркіленді. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 7 ақпаннан бері «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шараны өткізудегі мақсат – атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ, азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылауды жүзеге асыру. Полиция қызметкерлері аталған іс-шара аясында 1974 қарудың иесін тексерді. Соның нәтижесінде қаруды сақтау ережелерін бұзудың 70, қаруды тіркеу ережелерін бұзудың 26 дерегіі анықталды. Заңнама талабын бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 486, 484-баптарымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ  айналымнан 8 қару тәркіленді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы