Ел аумағында бір тәулікте бес орман өрті тіркелді

Орман алқаптарындағы өрт жағдайы әуе және жерүсті патрульдері арқылы тұрақты бақылауда.

26 Тамыз 2026, 02:34
АВТОР
 Экология және табиғи ресурстар министрлігі 26 Тамыз 2026, 02:34
26 Тамыз 2026, 02:34
65
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

25 тамызда Қазақстан аумағында бес орман өрті тіркелді.

Өрттердің екеуі Батыс Қазақстан облысында, біреуі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында, біреуі «Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында және тағы біреуі «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде анықталды.

Қазіргі уақытта өрт ошақтарында орман шаруашылығы қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» мамандары жұмыс істеп жатыр. Негізгі міндет – жалынның таралуына жол бермей, өртті оқшаулау және толық сөндіру.

Орман алқаптарындағы өрт жағдайы әуе және жерүсті патрульдері арқылы тұрақты бақылауда. Қайта тұтанудың алдын алу және қауіпті учаскелерді қауіпсіздендіру шаралары жүргізілуде.

Мамандар тұрғындар мен табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, ашық отты қараусыз қалдырмауға және демалыс орнынан кетер алдында оның толық сөнгеніне көз жеткізуге шақырады.

Наверх