Қарағандыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

17 Сәуір 2021, 10:30
2680
Бөлісу:
Қарағандыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда ұйымдасқан трансұлттық қылмыстық топтың жұмысы әшкере болды. Ішкі істер министрлгінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, ұйымдасқан топ есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан. 

Қарағанды облысы Полиция департментінің қызметкерлері елдің бес аймағында  бес есірткі зертханасын құруға қатысы бар он адамды қамауға алды.  

Тергеу барысында зертхананы ұйымдастырушылар Қазақстаннан тыс  жерде жүріп психотропты заттарды жасаумен, сақтаумен және оны Қазақстан мен Ресей, ТМД аумағына тасымалдаумен  айналысатын ұйымдасқан топ құрғаны анықталды. 

Олар ел аумағында орналасқан топты басқаруды telegram және signal желісі арқылы жүзеге асырған, - деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.

Мәліметке сәйкес, психотроптық заттар ел аумағына сұйық күйінде жеткізілген, шекарадан логистикалық компанияның көмегімен көлік майы ретінде өткізіліп келген. Сұйық күйінде тәркіленген дайын есірткі затының жалпы көлемі 70 кг, 3,5 тонна прекурсор.


Өзгелердің жаңалығы